Перейти к содержимому страницы.

КӨКТАС ЖЕРІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

29.06.2023

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» БББ студенттерінің Ақшиман ауылдық округі Көктас жеріндегі оқу (археологиялық) практикасы аяқталды.

Практика жетекшісі Елена Тушева сақ дәуіріне (б. з. д. VII ғ. – б. з. д. IV ғ.) жататын тас-жер үйіндісі бар қорғанда археологиялық қазба жұмыстарының далалық әдістемесін көрсетті.

Қазба жұмыстары барысында студенттер келесі дербес практикалық жұмыстарды орындады: ескерткіш орналасқан жердің тарихи-мәдени ландшафтын зерттеу, жергілікті топонимиканы, көлемін, стратиграфиямен планиграфиясын көрсете отырып, тарихи-мәдени объектісінің сипаттамасын жасау, қорғандардың үйінділерін тазарту, жерлеу архитектурасының жекелеген құрамдас бөліктерін фотофиксациялау және бейнеге түсіру, қорғанның құрылымдық бөліктерін анықтау және оларға сипаттама беру.
Сонымен қатар, тәжірибе барысында тарих пен археологияның әртүрлі бағыттары бойынша танымдық дәрістер оқылып, жақын маңындағы тарих ескерткіштеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.

ППУ Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық зерттеулер институтының қызметкерлері археологиядағы геоақпараттық жүйелердің қолдануымен тәжірибелік сабақтар өткізді, онда студенттер спутниктік позицияны анықтауға арналған RTK-жүйесін қолдану арқылы геопозициялаудың практикалық әдістерімен және тарихи-мәдени ескерткіштерінде аэрофототүсірілім жүргізу технологияларымен таныса алды.