Перейти к содержимому страницы.

FEMME

“Femme” қыздарға арналған даму клубы

Клубтың негізгі мақсаты - мақсаты айқын, көздегеніне нақ жете білетін, тәртіп пен тәрбиеге мойынсұнатын, білім мен ғылымға жаны құштар, әлеуметтік ортаға еркін сіңісе білетін, дамуға құштарлығы бар қыздар қауымдастығын қалыптастыру. Клуб 2022 жылдың желтоқсан айында құрылған.

Клубта ай сайын бір тақырып таңдап, сол бағытта дамуға көзделген тапсырмалар мен іс-шаралар ұйымдастырылады. Кітап оқылып, семинарлар мен мастеркласстар өткізіледі. Қыздар белсенді қатысуы үшін ынталандыратын кездесулер болып тұрады.

Ұйымға тіркелу үшін:

+7 775 665 4329 Арай М.

Ұйымда 30дан аса студенттер мүшелік етеді. Клуб басшысы - президент. Және ассистенттер бар.

 

 

instagram