Перейти к содержимому страницы.

Ақиқат Интеллектуалды пікірсайыс клубы

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің “Ақиқат” дебат клубы

 

Ұйымның іргетасы 2011 жылы қаланған. Қазіргі таңда Республикамыздағы үздік 10 дебат клубының бірі. 2022-2023 оқу жылының ұйым президенті - Жұмағазы Жанель.

“Ақиқат ИПК” ұйымының мақсаты:

Ұйымның басты бағыттары: Студенттерді республикалық деңгейдегі дебат турнирлеріне дайындау және бір-біріне құрмет көрсетуді отбасылық құндылықтар арқылы дәріптеу. Тек студенттер арасында емес, мектеп оқушылары арасында жоғары деңгейдегі облыстық, қалалық, республикалық турнирлер мен тренингтер өткізу.

Ұйым құрылымы: Президент, вице-президент, 1-ші координатор, 2-ші координатор, бас тренер, бас ұйымдастырушы және жас буын, орта буын, аға буын, ата буын өкілдері.

Қазіргі таңда ұйымда 50 белсенді АҚИҚАТТЫҚ бар.

Ұйымдастырушылық жұмыстары: Ақиқат дебат клубы жыл сайын ауқымды түрде, үлкен жүлде қорымен “AQIQAT CUP” Республикалық турнирін, сондай ақ, облыстық “Margulan CUP”, универ ішілік “Jana tolqyn” турнирлерін өткізеді.

 2022-2023 оқу жылында жеткен жетістіктеріміз: 

2022 жылдың 22 желтоқсанында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің белсенді студенттері үшін “Жыл үздігі” атты ауқымды іс-шара өтті. Бұл кеште университетіміздің ең белсенді студенттері мен ұйымдары әр түрлі номинациялармен марапатталды. Бір жыл көлемінде үздік нәтижелер көрсетіп, үздік ұйымдар арасынан суырылып шығып, жыл қорытындысы кешінің ең маңызды жүлдесі - “Жыл ұйымы” номинациясын иелендік.

 

 

“Ақиқат ИПК” мен байланыс орнатқыңыз келсе: