Перейти к содержимому страницы.

ПРОФЕССОР ШАДРИННІҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

16.11.2026

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде көрнекті ғалым, психология ғылымдарының докторы, профессор Николай Семёнович Шадриннің 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтой иесін құттықтауға әріптестері, студенттер, бұрынғы түлектер, магистранттар мен докторанттар.

Жиынның салтанатты бөлімін академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асылбек Касенов ашты. Ол мерейтой иесіне кәсібіне деген адалдығы, көп жылғы қажырлы еңбегі және отандық білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Николай Семёнович Шадрин еңбек жолында көптеген іргелі ғылыми еңбектер, соның ішінде монографиялар мен оқулықтар жариялады. Бүгінде оның еңбектері еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру үдерісінде қолданылады. Ғалымның жетекшілігімен ондаған жас зерттеуші ғылыми дәрежелерін қорғады. Сондай-ақ профессор өңірдің білім беру ұйымдары үшін білікті педагог-психолог мамандар даярлауға елеулі үлес қосты.

Кездесу барысында оқытушылар мен әріптестері мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдіріп, ғалымның қарапайымдылығы мен кәсібилігін атап өтті.
Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы Николай Семёновичті мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және ғылыми ізденістеріне табыс тілейді!