АРНАЙЫ ТАРИХИ ПӘНДЕР БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚ
18.11.2026
Margulan University-де ИШ-42 тобының студенттеріне арналған «Арнайы тарихи пәндер (тарихнама және деректану)» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өтті.

Сабақ барысында Иван Куц пен Дмитрий Букин тарих ғылымы және оны оқытудың заманауи тәсілдері туралы баяндамаларын ұсынды.
Дмитрий Букин «GeaCron онлайн-атласы» тақырыбында баяндама жасап, ресурстың мүмкіндіктерімен және оны оқу үдерісінде қолдану жолдарымен таныстырды. Ол онлайн-атластың көмегімен тарихи оқиғаларды, аумақтық өзгерістерді және әр дәуірдегі мемлекеттердің дамуын көрнекі түрде түсіндіру тәсілдерін көрсетті.
Иван Куц «Қайта өрлеу дәуірі» тақырыбында баяндама ұсынып, гуманизм идеяларының қалыптасуы, Ренессанс дәуірінің негізгі өкілдері, сондай-ақ олардың ғылым, өнер және мәдениетті дамытуға қосқан үлесі туралы сөз қозғады.
Сабақ барысында студенттер тарихты оқытуда қолданылатын цифрлық құралдармен танысып, тарихи тақырыптар бойынша білімдерін толықтырды.