Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКА ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

29.04.2022

2022 жылғы 27-29 сәуірде Тараз қаласында белбеу күресінен 2002-2004 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Өнер және спорт жоғары мектебінің 2 курс студенті Айтмұхамбетов Алдияр белбеу күресінен Қазақстан чемпионы атанды. Ол 82 келі салмақта спортшылар арасында I орынға ие болды!

3 курс студенті Омар Гауһар +76 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол бірінші белдесуде ақтөбелік спортшымен кілемге шықты. Екінші белдесуде оның қарсыласы қызылордалық, үшіншісінде шымкенттік қыз болды.

Жарақатына байланысты, өкінішке орай, Гауһар өз күшін толық көрсете алмады. Бірақ барлық қиыншылықтарға қарамастан, Гауһар табанды күресте құрметті II орынды жеңіп алды!

Белбеу күресінен Қазақстан чемпионы Алдияр Айтмұхамбетов пен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Гауһар Омар жуырда ұлттық құрама сапында Азия және Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды.

Алдиярды ұстазы Қайрат Темірболатов, ал Гауһарды әкесі Базарбай Омар жаттықтырады.

Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын республикалық деңгейде сәтті өнер көрсеткендерімен құттықтап, Әлем чемпионатында жеңіске жетулеріне тілектеспіз!