Перейти к содержимому страницы.

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАЛАПКЕРЛЕРДІ КҮТЕМІЗ!

20.04.2022

Құрамына университет оқытушылары мен қызметкерлері кіретін Павлодар педагогикалық университетінің жұмыс тобы сәуір айының басынан бері еліміздің оңтүстік өңірлерінде: Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.

Саяхаттың басты мақсаты – мектеп бітірушілер арасында «Серпін» бағдарламасының жұмысын түсіндіріп, білім беру бағдарламаларымызбен таныстыру.

Гуманитарлық ғылымдар мектебінің вице-деканы Данияр Кенжеалиевтің айтуынша, бұл оңтүстік өңірлерге бірінші рет бару емес. Жыл сайын университет оқытушылары барады. «Көптеген кездесулер студенттер мен олардың ата-аналарының көмегімен ұйымдастырылуда. Олардың өздері университет таңдауына риза болып, туған өңіріндегі мектеп түлектеріне университетімізге түсуге кеңес береді», - дейді Данияр Кәрімұлы.

Біздің университетте студенттердің білім алуына және тұруына барлық жағдай жасалған. Білім алушылар жайлы Студенттер үйлерінде тұрады, студенттік ұйымдардың өміріне белсене қатысады, спортта және шығармашылықта өздерін көрсетеді.

Оқуды бітіргеннен кейін түлектердің 80 пайыздан астамы облыста қалады.

Университетімізге оқуға шақыру жұмыстары жазда да жалғасады, оқытушыларымыз талапкерлермен жұмыс істеу үшін оңтүстік өңіріндегі елді мекендерге барады.

Еске салайық, университетіміз 2015 жылдан бері «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істеп келеді. Өткен оқу жылында еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінен 200-ден астам студент оқуға қабылданған. Ең ең жиі таңдайтын мамандықтар – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, математика мұғалімі және шет тілі мұғалімі. Университетімізге «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін жастардың саны жыл санап артып келеді. Олардың арасында біз мақтан ететін талантты студенттер мен түлектер баршылық. Осы жылы да біз сіздерді күтеміз, құрметті «Серпін» бағдарламасына қатысушы талапкерлер!