Перейти к содержимому страницы.

Өзбекстаның танымал ғалымы Абдурахим Кучбоев Павлодар педагогикалық университетінде дәріс оқуда

02.12.2021

Павлодар педагогикалық университетінде оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында б.ғ.д., профессор, Өзбек Ғылым академиясының молекулалық биология зертханасының меңгерушісі Абдурахим Эргашұлы Кучбоевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Павлодар педагогикалық университеті Биоценология және экологиялық зерттеулер орталығының қызметкерлері, жаратылыстану жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Тараптар жаратылыстану ғылымдарының паразитология, палеонтология, биогеохимия, молекулалық генетика салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Павлодар педагогикалық университетінің Өзбек Ғылым академиясымен және Өзбекстанның жоғары оқу орындарымен ғылыми және білім беру салаларындағы одан әрі ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Халықаралық деңгейде молекулалық биология және биотехнология саласындағы танымал ғалым, Өзбекстан Ғылым Академиясының өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің гендік қоры институтының молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, профессор Абдурахим Эргашұлы Кучбоев бір ай бойы Жаратылыстану жоғары мектебінің "Биология" ББ студенттеріне дәріс оқып, сабақ өткізетін болады.