Перейти к содержимому страницы.

ҰЛТ ҰСТАЗЫНА АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ

22.04.2022

Павлодар педагогикалық университетінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына өткен ХІV республикалық студенттік олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиада қорытындысы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті жеңімпаз атанып, келесі XV республикалық олимпиадасын өткізу жолдамасына ие болды.

Студенттер олимпаиадасы Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен өтті.  Жеңімпазддарды марапаттау рәсіміне ППУ акадмиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко қатысып, үздіктерді құттықтады.

ХІV республикалық студенттік олимпиадасының ІІ орыны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Еуразия гуманитарлық институтына бұйырды. Ал үшінші дәрежелі дипломмен А.Байтұрсынұлы атынадғы Қостанай өңірлік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті марапатталды.

- Павлодар педагогикалық университетінің ұжымына алғыс айтамыз. Себебі, әр өңірде білім алып жатқан студенттердің басын қосып, білім дәрежесін сараптап, олардың оқу-білімге деген құлшынысын арттыра түсті. Студенттердің білім бәсекесі осымен Кереку жерінен Абай жеріне қарай ауысты. Енді барлықтарыңызды келесі жылы Семей қаласына шақырамыз, - деді филология ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры Талғат Қабышев.

Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне өңірімізге белгілі әнші Шәкім Маусым қатысып әсем әннен шашу шашты. Сондай-ақ, Өнер және спорт жоғары мектебінің жас спортшылары мен өнерпаздары өнер көрсетті.