Ә.Х.МАРҒҰЛАННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ АЯҚТАЛДЫ
12.05.2022
Павлодар педагогикалық университетінің 60 жылдық мерейтойы аясында және Әлкей Марғұланның туған күніне орай өткен «АКАДЕМИК Ә.Х.МАРҒҰЛАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аяқталды.
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімованың сөзінше, конференцияға қазақстандық және шетелдік ғалымдардан 130-дан астам ғылыми мақала келіп түскен.
- Біздің университетте Әлкей марғұланға арналған конференция осымен үшінші мәрте өтуде. Биылғы конференцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Ресей жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері қатысты. Материалдар үш бағыт бойынша қабылданды. Бірінші Әлкей Марғұланның тарихи мұрасы, екінші филологиялық еңбектерін зерттеу, үшінші бағыт академик еңбектерінің өзекті мәселелеріне арналды. Конференцияның пленарлық отырысында археология, филология, деректану және Ә.Марғұланның ғылымға қосқан үлесі тақырыптары бойынша баяндама жасалды, - деді Анар Кәрімқызы.
Жақында конференцияға қабылданған барлық мақалалар Ә.Марғұланның еңбегіне арналған жинақ кітапқа басылады. Ал жиынның қорытындысы бойынша бірнеше тұжырым жасалды.
Мысалы, алдағы уақытта Әлкей марғұланныңт еңбектерін дипломдық зерттеулер арқылы жаңа қырларын ашып көрсету мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, Павлодар қаласында мемориалды мұражай ашу мәселесі ұсынылды.