ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ
20.01.2021
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар педагогикалық университетіне жатақханаға орналасуға 1 курс студенттерінің онлайн өтініштері қабылдана бастады. Осы орайда ППУ-дың Жастар саясаты департаментінің директоры Мадина Құсманова жатақханаға орналасу тәртібі бойынша студенттердің жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.
- ППУ-да студенттерді жатақханаға орналастыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
- Көктемгі семестрден бастап колледж бен университеттің бірінші курс студенттері аралас форматта оқуларына қайта оралмақ. Осыған байланысты университетте ректор Ж.Жилбаевтың төрағалығымен жоғары мектеп декандары, білім беру бағдарламалары және құрылымдық бөлім басшыларының кеңейтілген кеңесі өткізіліп, студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасауын тапсырды. Алыс аймақтардан келетін студенттерді қарсы алу үшін арнайы жұмыс тобы ұйымдастырылды. Сондай-ақ 1 курс студенттеріне жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жатақханаға орналасу тәртібі туралы барлық ақпарат университет сайты мен әлеуметтік желілерде жарияланды.
- Жатақханаға орналасу қашан басталады?
- 15 қаңтардан бастап студенттерді жатақханаға орналастыру үшін онлайн режимде өтініштер қабылдай бастадық. Жатақханаға орналасу 2021 жылдың 25-30 қаңтары аралығында болады. Университет қарамағында 778 орынға арналған екі Студенттер үйі бар. 354 студент жатақханаға мұқтаж.
- Студенттер үйіне орналасу үшін қандай құжаттар қажет?
- Алдымен студент университеттің ресми сайтында жатақханаға орналасу үшін on-line өтініш жіберуі керек. Әлеуметтік желілерде өтініш беру туралы толық видеонұсқаулық көрсетілген.
Жатақханаға кіруге жолдама алған соң, студенттер төмендегі құжаттарды тапсыруы керек:
• Студенттер үйіне тіркелуге жолдама;
• оның жүйке-психиатриялық ұйымда тіркелмегендігі туралы анықтама (egov / kz);
• туберкулезге қарсы ұйымда тіркелмегендігі туралы анықтама (egov / kz);
• Флюорографиялық тексеру нәтижелері туралы анықтама;
• вакциналау туралы паспорт;
• 3*4 сурет (2 дана);
• төлем туралы түбіртек (5 ай * 8000 = 40,000);
• жеке құжаттарға арналған іс папкасы (бауы бар папка);
• төсек-орын жабдығы.
- Жатақхана үшін төлемді қалай төлеуге болады?
Жатақханада тұру үшін 5 айға төленген төлем түбіртегі (1 айға 8000, 00 теңге) болу керек. 5 айға алдын ала төленетін сома - 40 000 теңге.
Төлемді Kaspi.kz немесе Forte bank қосымшалары (приложениe) арқылы жүзеге асыруға болады. Университеттің әлеуметтік желілерінде (Instagram @pmpu.kz, Facebook – Pspu Pressa), студенттің жеке кабинетінде осы туралы толық бейненұсқаулық бар.
- Студенттер үйінде кімдер ақысыз тұруға құқылы?
- Әлеуметтік әлсіз топтағы студенттерге – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, және 1 және 2 топтағы мүгедектерге студенттер үйінде ақысыз түрде жатақхана беріледі (тиісті құжаттар негізінде).
Жатақханаға орналасу кезінде ПТР-тест керек пе?
- Covid-19 айқындайтын ПТР-тест жасау керек емес. Жатақханаға орналасу үшін тек эпидемиологиялық орта туралы анықтаманы ұсыну қажет, оны тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігер береді. Егер ЖРВИ-дің айқын белгілері болған жағдайда (дене қызуы, жөтел және т.б.) студенттер келген бетте дәрігерге қаралуы керек.
- Жатақханаларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қалай сақталады?
- Студенттерді жатақханаға орналастыру 50% толымдылықпен және бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Әр бөлмеде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Жатақханаға кіреберісте дезинфекциялық арка мен арнайы төсеніштер бар. Сондай-ақ әрбір студенттің жатақханаға кірген бетте дене қызуы өлшенеді. Әр қабатта қолды зарарсыздандыратын санитайзерлер орнатылған. Ғимарат бөлмелері белгіленген кестеге сәйкес ылғалды тазалау мен кварцілеуден өтеді.
Құрметті студенттер, жатақханаға тіркелуге онлайн-өтініштер Павлодар педагогикалық университетінің ресми сайтында 2021 жылдың 15-24 қаңтары аралығында жүзеге асырылатындығын тағы да естеріңізге саламыз. On-line өтінім жасалмаған жағдайда, жатақханадан орын берілмейді!
ППУ баспасөз қызметі