Перейти к содержимому страницы.

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАНЫ ЖАҚЫН ЖАСТАР

17.12.2021

Тәуелсіздік — ең ұлы мереке. Бұл күні қандай жақсылық жасасаң да жарасады. Осы ретте Павлодар педагогикалық университетінің жанындағы еріктілер клубы қайырымдылық шарасын қолға алды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай университеттің 30 ардагеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері жинақталған қорапшалар таратты. Жоғарыда айтылған 30 тізімге жалғыз басты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, әлеуметтік осал топтағы адамдар жатады. Айта кету керек, еріктілер қорапқа салынған заттарды арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен қаражатқа сатып алған. Жәрмеңкедегі түрлі ойындар мен саудаға шығарылған өнімдерден 200 мыңға жуық қарадат түскен. Аталмыш жәрмеңке өткен аптада білім ордасының қабырғасында ұйымдастырылған болатын. Азық-түлік жиынтығын алған ардагерлердің де қуанышында шек жоқ. Қоғамның белсенді жастарына алғыстарын айтып, ақ батасын берді. Қайырымдылық науқан 16-17-ші желтоқсан күрдері ұйымдастырылды.

Естеріңізге салып өтейік, "Lotos" еріктілер ұйымы 2018 жылы Павлодар педагогикалық университетінің жанында құрылған. Құрамына білім ошағының ең белсенді жпстары кіретін қайырымдылық ұйымы бұған дейін де бірнеше ірі жобаны жүзеге асырған болатын. Алдағы уақытта әлі тың тақырыптарды қозғайтын бастамаларды қолға аламыз,-дейді еріктілер.