Перейти к содержимому страницы.

«ЖАСЫЛ ЕЛ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОТРЯДЫ 3-ШІ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

02.06.2020

 Биыл үшінші жыл ПМПУ Margulan Centre базасы негізінде жазғы уақытта «Жасыл Ел» археологиялық жасағы жұмыс істейді. Жасақтың негізгі мақсаты Павлодар Ертіс өңірінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау, сонымен қатар оның нәтижелерін жастар арасында насихаттау.

Жыл сайын жасаққа әр түрлі мамандықтағы ПМПУ студенттері мен Павлодар облысының ЖОМ оқушылары қабылданады. Жұмыс барысында «Жасыл Ел» жауынгерлері Ертіс-Баян өлкесіндегі археологиялық ескерткіштер мен қасиетті нысандардың далалық зерттеулеріне қатысады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Жасыл Ел» археологиялық отряды жұмысының 3-ші маусымы ағымдағы жылдың 1 маусымында басталып, қатысушылар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіп, 2020 жылға арналған жоспарлармен таныстырды. Алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын Баянауыл ауданында Торайғыр  сақ қорғандары мен Абет-бұлақ қыстағында жүргізу жоспарланып отыр. 

 arxeolog

arxeolog2