Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі
09.06.2021
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы іс-шараларды мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп жүзеге асыруы - аса маңызды. Бұл мәселені шешуде мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдар қолдау көрсетіп келеді.
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның қатысуымен қалалық ішкі саясат бөлімі осы тақырыптағы ортақ мүдделерді, жобаларды, жоспарлар мен ұсыныстарды талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара соңында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. ЖОО тарапынан дөңгелек үстел отырысына жастар саясаты департаментінің қызметкерлері, студенттік филармония директоры Оразбек Бақытхан және ППУ тәрбие жөніндегі бөлім басшысы Азамат Жүсіпбаев қатысты.