Перейти к содержимому страницы.

Жастарға арналған республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі базасында ұйымдастырылды

18.06.2024

Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәндердің 40 жас оқытушылары мен еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің комплаенс-офицерлері қатысты. Жастар саясаты департаментінің директоры Құсманова Мадина Шалқарқызы аталмыш мектепке қатысып, «Үздік жоба жеңімпазы» атанды.
Спикерлер ретінде БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ), ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары Академиясының және т.б. өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шараны аша отырып, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Медет Амралинов ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына сәйкес Қоғамда парасаттылық жүйесін қалыптастыруда Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жас ұрпақтың өмірлік қағидаттары маңызды рөл атқаратынын атап өтті.