Перейти к содержимому страницы.

«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚОҒАМ» NETWORKING КЕЗДЕСУІ

27.11.2020

Бүгін ППУ-дың «Jastar ortalygy» алаңында жергілікті мемлекеттік басқару орган өкілдерінің қатысуымен, ZOOM конференциясы арқылы «Жастар және қоғам» тақырыбында networking кездесуі өтті. Оған Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Зәкәриянов Д.Қ., Павлодар қ. Жастарға қызмет көрсету орталығының маманы Шомбаева Д.Б., Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент маманы Сансызбай М.М. және Павлодар облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Хафиз Ғ.Қ. қатысты. Кездесу барысында жастар арасындағы, қоғамдағы өзекті мәселелер: пандемия кезіндегі онлайн форматқа көшу, қашықтан оқыту проблемалары, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, теріс ағымдағы діни ұйымдар, олармен күресу шаралары, жастардың сайлауға қатысу мүмкіндіктері, т.б. тақырыптар талқыға салынды.

 zhastar