ЖАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ!
14.02.2022
Павлодар педагогикалық университеті белсенділерінің қатысуымен Жастар бастамаларын дамыту орталығы базасында облыс басшылығымен, облыстық басқарма өкілдерімен, Павлодар облысы жастарымен бірлесіп жастар мәселелеріне арналған стратегиялық сессия өтті.
Іс-шараның форматы мықты, әлсіз жақтарды, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтай отырып, SWOT талдауын жүргізуге мүмкіндік берді. Жиын барысында келесі отбасы, ана, балалық шақ, баспана, отансүйгіштік, білім, құқықтық және қаржылық сауаттылық, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік, демалыс және салауатты өмір салты сияқты мәселелер талқыланды.
Бұл шарада барлық қатысушылар белсенділік танытты. Әркім өз сауалдарымен облыс басшысына немесе басқарма өкілдеріне жүгініп, қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.