Перейти к содержимому страницы.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ

26.04.2022

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебіНДЕ 1-4 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауы өтті. Мектеп пен Павлодар педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық аясында білікті қазылар алқасы ретінде тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нүркен Күзембаев пен «Тарих» бағдарламасының докторанты Наурызбай Қаршығанов шақырылды.

Байқауға қатысушылар сан алуан түрлі тақырыптарда жұмыстарын ұсынды, олардың арасында өлкетану, физика, ботаника, агрономия және т.б. Қазылар алқасының мүшелері дарынды мектеп оқушыларының баяндамаларын тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, оқушылар жұмыстарын одан әрі жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар алды.

Нүркен Ерболұлы Күзембаев мектеп оқушыларының жұмысының өзектілігіне, сонымен қатар олардың практикалық маңыздылығын атап өтті.

Нүркен Ерболұлы Күзембаев ғылыми жобаларын ұсынған барлық мектеп оқушыларына алғысын білдірді. Ол мектеп оқушыларының жұмысының өзектілігін, сонымен қатар олардың практикалық маңыздылығын атап өтті.