Жаратылыстану жоғары мектебінің нұсқаушы конференциясы
21.01.2020
ПМПУ Жаратылыстану жоғары мектебінің 6В01540-Химия, 6В01541 Химия-Биология, 5В011200-Химия, 6В01560-География, 6В01561-География-Тарих, 5В011600-География, 5В012900-География-Тарих білім беру бағдарламалары бойынша студенттерге кәсіптік практикадан өтуі бойынша нұсқаушы конференция өткізілді. Конференция барысында 1-курс «Оқу (танысу) практикасы», 2-курс «Психологиялық - педагогикалық практика» және 3-курс студенттері «Педагогикалық практика» бойынша студенттерге практиканың жұмыс бағдарламасына сәйкес практикадан өтудің жалпы шарттары, талаптары мен міндеттері жөнінде толыққанды таныстырылды.
Сондай-ақ, конференция барысында ПМПУ Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана қызметкерлері студенттердің практикадан өтуі барысында «Мектеп мұғаліміне көмек» атты көрмесімен таныстырды. Көрмеде студенттерге кітаптар мен журналдар жайлы мағлұматтармен бөлісті.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |