ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
17.12.2020
25.09.2020 ж. Халықаралық Орталық Азия зерттеу институты КЕАҚ «Павлодар педагогикалық университетімен» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ППУ тарапынан меморандумға Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Мурзакулов Серік Валерьевич қатысты. Меморандум аясында ғылыми қызметкерлердің екіжақты жұмыс сапарлары, олардың семинарларға, шеберлік сыныптарына және басқа да шараларға қатысуы талқыланды. Жоғары оқу орындарының бірқатар бағыттар бойынша іскерлік, ғылыми-техникалық серіктестік орнатуы күтілуде. Бірлескен ғылыми жобалар ғылым мен мәдениет саласындағы жаңашылдықтарды ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тараптар мұражай, кітапхана және мұрағат қорлары қызметкерлерінің өзара байланысы туралы, студенттер, магистранттар және докторанттар үшін семинарлар мен тренингтер, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру туралы шарт жасасты.
Бұл меморандум жоғары оқу орындарының даму перспективасын арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға кепіл болады деген сенімдеміз.
Қасымхан Мұхитов, ППУ Баспасөз қызметі