ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
01.03.2021
Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы «Кітапқұмар унимверситет» жобасының аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Екі ғасырдың жырауы» атты поэтикалық жыр кешін ұйымдастырды.
Жамбыл Жабайұлы – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Халық арасында "ХХ ғасырдың Гомері" атанған, ғасыр ғұмыр кешкен. Ол бозбала шағының өзінде-ақ елге танымал ақындармен сөз таластырып, өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Жамбыл өзінің алдындағы аға буын өкілі Сүйінбай ақынды өзіне пір тұтқан. Ал Кенен Әзірбаев Жамбыл Жабаевты тәлімгері деп таныған. Көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Жамбыл өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, жарияланған. 1945 жылы 22 маусымда Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.
Шара шеңберінде «Жамбыл – деген жай атым, халық – менің шын атым!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Поэзиялық жыр кешіне ҚТӘ-11с, ҚТӘ-13, ПМНО-12, ГИ-11, ХШ-11 тобының 1 студенттері қатысты. ҚТӘ-13 тобының студенттері Тәуекелев Нұрсерік пен Мақсұт Нариман атақты Құлмамбет ақын пен Жамбылдың айтысынан үзінді келтірді. Ал ақынның «Менің өмірім» атты өлеңін ГИ-11 тобының студенті Қожантай Жұмахан мәнерлеп оқыды. Қабытаева Кербез Ақкенже Өмірбайдың «Жамбыл Жабаевқа арнауын» оқыды. ҚТӘ-11 тобының студенті Құсайыр Меруерт "Ленинградтық өренім" өлеңінен үзінді келтірді. Сабыр Алмагүл мен Нұрсұлу Маратқызы Жамбыл ақын туралы жазған Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов және Сәбит Мұқанов пікірлерін айтты. Іс-шараның жүргізушілері 1 курс студенттері Воронцова Дарья мен Аширов Мадияр болды.
/>