ЗАМАНАУИ КЕҢІСТІК – БІЛІМ САПАСЫНА ЖАҢА СЕРПІН
11.12.2025
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде жаңадан жасақталған, заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу аудиторияларының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында университет тарихындағы алғашқы ректорлардың бірі - Тасболат Касенұлы Шаяхметовтың аты берілген 100-аудитория, кең ауқымды дәрістер оқылатын 101 аудитория, Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана, Физика-коллоидтық химия кабинетінің тұсауы ресми түрде кесілді.
Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы өз сөзінде: «Осы аудиториялардың ашылуы – сапалы білім беруге жасалған тағы бір қадам, студенттеріміздің жан-жақты дамуына бағытталған үлкен мүмкіндік. Жаңа аудиторияларымыз студенттерге тек білім ғана емес, тың жаңалықтар мен жарқын жетістіктер әкелетініне сеніміміз мол» –деді.
Салтанатты шараның құрметті қонақтары қатарында: Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Наурызбаева Гульбарам Ауезхановна, Университетіміздің профессорлары Бекен Сағындықұлы және Текжанов Қайрат Мұхамедхафизұлы, Павлодар қаласының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Кенесбаев Кенже Садвокасович және филология ғылымдарының докторы, ақылдастар алқасының мүшесі Сүтжанов Сейфитден Назымбекұлы, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шокеев Рымтай Шөкейұлы және университетіміздің профессоры Әмренов Әділбек Даутбекұлы болды.
Жаңартылған әрі заманауи жабдықталған оқу аудиториялары профессор-оқытушылық құрамның, студенттердің көңілінен шығып, келген қонақтар мен көпшілік қауым ыстық ықыласын білдіруде.










