ПМПУ-да ЖАҢА ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17.01.2020
Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың бұйрығымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры лауазымына Мырзақұлов Серік Валерьевич тағайындалды. Жиынға ПМПУ-дың Ғылыми кеңес мүшелері мен Жоғарғы мектептердің декандары, департамент директорлары мен ғылыми орталықтардың басшылары қатысып, ұжым алдында оқу ордасының басшысы Алтынбек Нухұлы жаңа проректорды ресми түрде таныстырды. С.В.Мырзақұлов 2005 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген. Инновациялық Еуразиялық университетінің магистратурасын «Информатика» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Public Administration» мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар Финляндияда халықаралық профессорлық тағылымдамадан өткен. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Әртүрлі жоғары оқу орындарында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде қызмет атқарған. Соңғы жұмыс орны - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің стратегиялық жоспарлау және дамыту басқармасының басшысы. ПМПУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметін осы уақытқа дейін Свидерский Александр Константинович атқарған. Жиын барысында Александр Константиновичке проректорлық қызметіндегі атқарған табысты жұмысы үшін ұжым басшылығы ризашылығын білдірді.