Перейти к содержимому страницы.

Жаңа оқулықтар үздік әлемдік стандарттар бойынша оқуға мүмкіндік береді

14.10.2021

Павлодар педагогикалық университетінің Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, барлық жоғары мектептері үшін «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, сол көрмеге библиографиялық шолу өткізді. Кітап көрмесінің ашылуына тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-декандары Ж.Ж. Сергазина, Д.К. Кенжеалиев және университеттің студенттері қатысты.
Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана директорының орынбасары Қарлығаш Төлеубаеваның айтуынша, іс-шара «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру, сондай-ақ әлемдік классика оқулықтары мен әдебиеттерін мемлекеттік тілге аударып үлгерген кітаптарды студенттерге таныстыру мақсатында өткізіледі.

«Жаңа оқулықтар біздің студенттерге заман ағымына ілесуге, үздік әлемдік стандарттар бойынша оқуға мүмкіндіктер береді», - дейді Қарлығаш Көбетайқызы.

Көрмеде әлеуметтану, психология, тарих, философия, экономика, мәдениеттану, тіл білімі, әдебиеттану, антропология және өнертану саласындағы кең ауқымды білімді қамтитын оқулықтардың 100 атауы қойылды.
Көрменің жаңа топтамасында қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі, Джон Блак, Нигар Хашимзаде, Гарет Майлздың «Оксфорд экономика сөздігі», Крейг Калхунның «Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі», Шоу Малкольм Н. «Международное право» 1 және 2 кітабы, Куратко Дональд Ф. «Предпринимательство: теория, процесс, практика», Хелен Битэм, Ронак Шарп «Переосмысление педагогики для цифравой эпохи. Дизайн в обучении ХХI» атты әлемдік туындылар орын алды.

Uchenui Sovet