«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ТОЛЫҚ ТОПТАМАСЫ КІТАПХАНА ҚОРЫНА ЕНДІ
13.01.2021
Университеттің Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасына «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты 23 жаңа оқулықтың соңғы топтамасы келіп түсті.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Үздік ғалымдардың таңдамалы туындыларын қазақ тіліне тәржімалауға 300-ден астам отандық аудармашылар, редакторлар мен оқытушылар еңбектенген.
Жаңа оқулықтар саясаттану, философия, әлеуметтану, менеджмент, тарих, этнография, демография бағыттарына арналған ауқымды білім салаларын қамтиды. Барлық оқулықтар университет кітапханасының оқу залдарында бар.
2018-2020 жылдар аралығында Павлодар педагогикалық университетінің кітапхана қорына атаулы бағдарлама аясында 10 826 дана кітап келіп түскен. 2018 жылы – 3348 дана, 2019 ж. – 3404 дана, 2020 ж. – 4074 дана алынды.