Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
30.03.2021
«Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесімен карантин жағдайында балалар үйінде балаларды гендерлік әлеуметтендірудің қашықтан моделін әзірлеудің және пайдаланудың педагогикалық негіздері» жобасын іске асыру бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жоба жетекшісі Кенжебаева Тәттігүл Бекбалтинқызы университет атынан Кенжекөл балалар ауылына интерактивті тақта, ноутбуктер, проектор және оқу әдебиеттерін сыйға тартты.
Мекеменің мұғалімдері мен тәрбиеленушілері университет басшылығы мен қызметкерлеріне оларға көрсетілген ықылас пен қамқорлық үшін ризашылықтарын білдірді.