ПМПУ-ДЕ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
19.02.2020
Бүгін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Ғылыми кеңестің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау болды. Кездесу барысында ПМПУ проректоры алдағы өзгерістер туралы баяндама жасады, университеттің әрі қарай дамуы айқындалды.
Серікбол Жанасыл
Қоғаммен байланыс жөніндегі
департаментінің редакторы