Перейти к содержимому страницы.

Ғылыми-әдістемелік вебинар

22.04.2021

ЖОО ғалымдары мен Павлодар облысы мұғалімдерінің өзара әрекеттестігі аясында п.ғ.к., өнер және спорт жоғары мектебінің доценті Курабаева Ф.А. "Көркем еңбек сабақтарына арналған оқу тапсырмаларын жобалау" тақырыбында ғылыми-әдістемелік вебинар өткізді. Вебинар барысында сабақта білім алушылардың қызметін ұйымдастырудың жүйе құраушы бірлігі ретінде оқу тапсырмаларын жобалаудың түрлі аспектілері қарастырылды. Вебинарға қатысушылар іс-шара тақырыбының өзектілігін және сабақтың қойылған мақсаттары бойынша оқу тапсырмаларын құрастыру бойынша ұсынылған әдістемелік ұсынымдардың маңыздылығын атап өтті.

Kurabaeva2

Kurabaeva