Перейти к содержимому страницы.

"ҒЫЛЫМДАР КОНТАКТОЛОГИЯСЫ" АШЫҚ СЕМИНАРЫ

23.04.2020

Бүгін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде ғылым күндері аясында ф.ғ.д., проф. Б.Сағындықұлының "Ғылымдар контактологиясы" атты тақырыпта онлайн ашық семинары өтті. Семинарға жоғары мектеп деканы Қ.С.Ерғалиев, вице-декан М.И.Оразханова, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, семинардың қызықты өтуіне атсалысты. Семинарға қатысушылар Б.Сағындықұлына семинарға қатысты өз пікірлерін айтып, алғыс білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті. Осындай қызықты әрі ғылыми тақырыптық семинарлар жалғастығын табады деген ойдамыз.

seminar

seminar2

seminar3