«ҒЫЛЫМ-2021» ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
01.02.2022
Магистрант Школьникова Валентина Александровнаның «Бейнелеу өнері сабақтарында студенттерді Қазақстанның жабайы табиғатын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу» атты ғылыми-зерттеу жұмысы «ҒЫЛЫМ 2021» атты III Халықаралық педагогикалық зерттеу байқауында II орын алды.
Сондай-ақ осы байқауда құрметті ІІ орынды Жоғары өнер және спорт мектебінің ҚБӨжС-32қ студенті, Павлодар қаласындағы көркемсурет мектебінің оқытушысы Анжелика Николаевна Бамбуляктың «Оқушылардың бейнелеу әрекетінде эстетикалық құндылықтарды дамыту бойынша зерттеулер» ғылыми-зерттеу жұмысы иеленді.
Жұмыстардың ғылыми жетекшісі – PhD докторы, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы Нұрымов Бауыржан Абылайұлы.
«ҒЫЛЫМ 2021» атты Халықаралық қашықтықтан зерттеу байқауының ұйымдастырушысы – Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық білім және ғылым академиясы. Байқау «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында өткізілуде.
Құрамына белгілі ғалымдар мен оқытушылар кіретін құзырлы комиссия байқауға қатысушылардың көптеген ғылыми жұмыстарының арасынан жүлделі орындарды анықтайды.