Перейти к содержимому страницы.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Павлодар педагогикалық университеті ұжымдарының онлайн-кездесуі

10.02.2021

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Павлодар педагогикалық университеті ұжымдарының онлайн-кездесуі

Бүгін 2021 жылдың 10 ақпанында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Павлодар педагогикалық университеті ұжымдарының онлайн-кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Павлодар педагогикалық университетінің білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын дамыту, педагогикалық ұжымдар мен жетекші ғалымдары арасындағы әріптестік және ынтымақтастық қарым-қатынас орнату.

Ұлттық білім академиясының Президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы мен ППУ-дың Басқарма төрағасы – ректоры Жилбаев Жанбол Октябрович құттықтау сөз сөйледі. Ұжым басшылары Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жақын арада  «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға отыратыны туралы атап өтті.

Онлайн-кездесу барысында ППУ өкілдері Игнатова Е.В., Текжанов К.М., Ергалиев К.С., Смайлов С.Ш-А. тарапынан әрі қарай ынтымақтастық туралы нақты ұсыныстар айтылды: білім беру бағдарламаларын бірлесіп талқылау және әзірлеу, М.Канапиянов атындағы ППУ жоғары колледжі базасында ТжКБ бағдарламаларын интеграциялау, ЖОО ғалымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық білім доктринасын жасауға қатысуы, Білім берудің жол картасы – 2030 және бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысу мәселесін талқылады.

Кездесу соңында Басқарма төрағасы – ректор Ж.Жилбаев ҰБА басшылығын ППУ профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобалары аясында құрылымды сұхбатқа және одан әрі ынтымақтастыққа дайындығы туралы сендірді.

110

1102

1103

 

1106

1107

                                                                                                                                                            Пресс-служба ППУ