Студенттік ұйымдардың жәрмеңкесі - жарқын өмірді таңда!
30.09.2021
Павлодар педагогикалық университетінде «Жастар саясаты департаментінің» ұйымдастыруымен студенттік ұйымдардың жәрмеңкесі өтті. Бүгінгі таңда университетте 10-нан астам студенттік ұйымдар жұмыс істейді: Жастар саясаты департаменті, "Лотос" еріктілер клубы, "Ақиқат" пікірсайыс клубы, "Ғибрат" шығармашылық бірлестігі, "Энактус" коммерциялық емес студенттік ұйымы және т.б. барлық студенттік ұйымдар ашық дауыс беру арқылы сайланған студенттік парламентке бағынады.
Жәрмеңке барысында әрбір студенттік ұйым креативті презентация көрсетіп, өз бірлестіктерінің қызметіне қысқаша шолу, концерттік нөмірлер, өзінің артықшылықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар, лотерея өткізілді, онда аяқ киім, кино және театр билеттеріне 100% жеңілдік ойнатылды.
"Көптеген керемет ұйымдар бар, мен бірден бірнешеуін таңдадым. Өйткені, әрбір клуб - әрқайсымыздың өз әлеуетімізді іске асыруға, қоғамда сұранысқа ие болуға, өзін-өзі басқару дағдыларын игеруге бірегей мүмкіндік", - дейді 1 курс студенті.
Бірлестік белсенділері университеттің бірінші курс студенттері арасында жаңа қабылдау өткізді. Университетте Студенттік ұйымдардың жәрмеңкесі бірінші курс студенттерін қызықты студенттік өмірге тарту мақсатында жыл сайын өткізіледі.