Перейти к содержимому страницы.

ХХІХ- В.КАРПЕЦТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

06.11.2022

Өткен демалыс күндері Павлодарда Кереку өңірінен шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Василий Карпецты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Республикалық турнир аяқталды.

Павлодар облысының аға жаттықтырушысы Григорий Ярмоленконың айтуынша, турнир 1993 жылдан бері тәрбиеленушілердің бастамасымен және «Бегат» серіктестігінің басшысы Рақышев Болат Бейсенбекұлының, одан кейін Ермек Бейсенбекұлының қолдауымен өткізіліп келеді. Кейіннен бұл ауқымды шараның басты ұйымдастырушысы Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту басқармасы болды. Ал соңғы бірнеше жылда Павлодар педагогикалық университетімен бірлесіп студенттік спорт кешенінің базасында жарыстар өткізіліп келеді.

«Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спорт пен дене шынықтыруға баулу. Турнир әрқашан жақсы ұйымдастырушылық деңгейде өтеді, көптеген жақсы спортшыларға спорттық бастама береді», - деді Григорий Якимович.

Жоғары өнер және спорт мектебінің деканы Валентина Лебедованың айтуынша, бұл турнир Василий Карпец Павлодар педагогикалық университетінде оқытушы болып жұмыс істегенімен маңызды. Әлемдік аренада спортымыздың намысын қорғаған талай чемпиондарды дайындады.

«Турнирдің басты мақсаты – Павлодар Ертіс өңірінің грек-рим күресінің дәстүрін сақтау. Грек-рим күресі – классикалық спорт түрі, негіздердің іргетасы. Облыстың тұңғыш спорт шебері, дарынды ұстаз Василий Карпец осы спорт түрінің өңірдегі тамаша дәстүрлерін қалдырды. Біз шәкірттердің тамаша шебердің ісін жалғастырып жатқанын мақтан тұтамыз», – дейді Валентина Ильинична.

Жарысқа 2008 жылы туған және одан кіші балуандар қатысты.

Турнирге Қазақстан мен Ресей аймақтарынан 400-ге жуық спортшы жиналды. Жарысқа барлығы 36 команда қатысты.