«XXI ғасыр көшбасшысы»
09.04.2021
8 сәуір күні Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылып өткізілді.
Ойын үш кезеңнен тұрды: «Полиглот», «Бәйге» және «Спич». «Полиглот» турында зиялы қауымға әлем халықтарының жұмбақтары ұсынылды, қатысушылар жұмбақтың шешуін тауып, оны қазақ және ағылшын тілдеріне аударып жауап берді. «Бәйге» турында қатысушылар Қазақстан туралы сұрақтарға жауап берді, ал «Спичте» сыбайлас жемқорлық, экология, шағын және орта бизнес мәселелері талқыланды.
Интеллектуалдық сайыстың қорытындысы бойынша финалға Әлімбеков Айдар (БШ-32), Васильковская Олеся (ПМНО-12) және Мусалдаева Жанель (ПМНО-12) шықты. Студенттер өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, білімдерін көрсетіп, 1, 2 және 3 орындарға ие болды. Ойынға қатысқан қатысушыларымыз бен жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!