Перейти к содержимому страницы.

«ХХ ҒАСЫР ҚАЗАҚСТАНЫ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

26.04.2022

«Тарих» білім беру бағдарламасының ұстаздары Ғылым апталығы аясында Павлодар қаласының №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің мұғалімдерімен бірлесіп «ХХ ғасырдағы Қазақстан» Интеллектуалды ойынын өткізді.

Сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатысты. Жас ғалымдар Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ойын 3 турдан тұрды. Бірінші және екінші турларда ХХ- ғасырдағы Қазақстанның белгілі қайраткерлері, еліміздің тарихының түрлі кезеңдері туралы сұрақтар қойылса, үшінші айналымда ойынға қатысушылар жалпы тақырыптар бойынша логикалық сұрақтарға жауап берді.

Зияткерлік шайқастардың қорытындысы бойынша ойынның жеңімпазы 10 «Б» сынып оқушылары атанды. Вице-чемпион атағын «Самые лучшие» командасы алды, ал үздік үштікті 10 «Б» сыныбының командасы толықтырды.

Іс-шара №8 мектеп-лицейінің оқушыларының да, ұстаздарының да көңілінен шықты. Қазылар алқасының төрайымы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Гүлфира Өтепова атап өткендей: «Интеллектуалдық ойындар қатысушылардың ақыл-ой әрекетін белсендіреді, білім алуға ынталандырады және пәнге деген сүйіспеншілікті оятады».