ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ XVII СТУДЕНТТІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!
21.04.2022
Бүгін Павлодар педагогикалық университетінде «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім және ғылым сапасы» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының XVII студенттік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.
Қазіргі уақытта конференцияға 200-ге жуық қатысушы тіркелді.
Конференция барысында келесі бағыттар бойынша секциялар жұмыс істейді: "Білім беру инновациялық дамудың ресурсы ретінде", "Білім беруді цифрландыру жағдайында жаратылыстану-математикалық циклі", "Білім беруді цифрландыру жағдайында жаратылыстану-математикалық циклі пәндерін оқытудың қазіргі заманғы мәселелері", "Дене шынықтыру және өнердің дамуының қазіргі үрдістері", "Цифрландыру жағдайындағы гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері".
Ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету департаментінің директоры Гүлмира Сүлейменованың айтуынша, бұл конференция көп жылдар бойы өткізіліп келеді және қазірдің өзінде өзіндік дәстүрлері бар. ««Ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырудағы мақсат – ғылымның әртүрлі салаларында дарынды жастарды іздеу. Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін ашу», - деді Гүлмира Аманғалиқызы.