Перейти к содержимому страницы.

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

24.12.2020

Педагогикалық зерттеулер орталығы  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен халықаралық ынтымақтастық  департаменті, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» және Атырау облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Жаңа педагогика: Трендтер, Құзыреттіліктер, Мағыналар» атты ІІІ Халықаралық педагогикалық форумға қатысты.  

Форумның пленарлық бөлімінде Simon Fraser University (Канада) инклюзивті білім профессоры  Роберт Уильямсон, Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің (РФ) педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Б. Панькин, EDCRUNCH конференциясының (РФ) бағдарламалық директоры Н.Киясовпен қатар, Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры Жарасова Г.С. «Мұғалімдерді даярлау бағдарламаларындағы өзгерістерді қолдау» тақырыбында баяндама жасап, киберпедагогиканы енгізуге қатысты мәселелерді және инновациялық білім бағдарламаларының сапасын тілге тиек етті. Форумға қатысушылар назарына Павлодар педагогикалық университетінің  білім беру үдерісіне киберпедагогиканы ендіру моделі мен ғылыми саясатының бес спиральді моделі ұсынылды. Көтерілген мәселелер мен жасалған ұсыныстар форум қатысушылары тарапынан қолдау тапты.

Dharasova

dharasova2

Dharasova3