Перейти к содержимому страницы.

Халықаралық музей күнімен құттықтаймыз!

18.05.2021

Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы музей қызметкерлерін кәсіби мерекеcі – Халықаралық музей күнімен құттықтайды!

Құрметті музей ісінің мамандары! Музей – кешегі тарихты бүгінгі күнмен байланыстырып, оны кейінгі ұрпаққа ұлықтайтын, уақытты ұтымды өткізуге, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін əмбебеп орталық. Мұражай қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында біз тарих толқынында орын алып атқан небір қызықты да шытырман оқиғалардың, көне естеліктердің тілін түсінуге қауқарлымыз. Музейлер әлемдік өркениеттің рухани және мәдени мұрасын сүюге және түсінуге үйретеді.

Құрметті музей қызметкерлері, кәсіби жолдарыңызды ары қарай абыроймен жалғастырып, қоғам алдындағы табысты еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз! Сіздерге мол денсаулық, отбасыларыңызға амандық, табандылық пен толайым табыс тілейміз!  

muzei