ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫРҒЫЗ-ЖАПОН ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
23.05.2023
Жақында Қырғызстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Б.Д.Джамгерчинов атындағы тарих, археология және этнология институты халықаралық қырғыз-жапон экспедициясын ұйымдастырды. Аталған ауқымды шараға Margulan Centre эксперименталды археология ғылыми-зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері Татьяна Крупа қатысты.
Экспедиция ЮНЕСКО-ның белгілі ескерткіші Қырғызстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының магистральдық жолдарында орналасқан Ақ-Бешім археологиялық қалашығында өтті.
Экспедиция жұмысына он елдің (Қырғызстан, Жапония, Қазақстан, Ұлыбритания және т.б.) өкілдері қатысты. Экспедиция жетекшісі Қырғызстанның белгілі зерттеушісі, тарих ғылмдарының кандидаты, археолог Б.Аманбаева
болды.
Татьяна Николаевнаның міндеті археологиялық материалдардың далалық сақталуын және алдын-ала сақтаудың практикалық жағын қамтамасыз ету; табылған археологиялық материалды зерттеуге көмектесу болды.
Ол сондай-ақ «Бурана мұнарасы» археологиялық-архитектуралық кешенінде (ЮНЕСКО ескерткіші) болып, қырғызстандық әріптестерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Татьяна Николаевнаның жұмысы өте жоғары бағаланды. Ол осы экспедицияның жұмысына екінші мәрте қатысып отыр.