«ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ» АТТЫ WORKSHOP: ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ТАБЫС ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСУДЕ
19.05.2022
Педагогика жоғары мектебінде «Жетістікке жету жолы» атты Workshop өтті, онда облыстың үздік оқытушылары университет студенттерімен шеберлік сырларымен бөлісті.
Іс-шараға М.Әуезов атындағы орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі А.Б.Көпесова,Павлодар қаласының №29 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі А.В.Скляренко қатысты. Олардың әрқайсысының ұстаздық тәжірибесі мол, республикалық, облыстық байқауларда жеңіске жеткен ұстаздар.
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының жеңімпазы Скляренко Анна Викторовна тәулігіне 12 сағат жұмыс істейтінін айтты. Жаңартылған бағдарлама бойынша, оның ішінде инклюзивті білім беру жағдайында оқушыларды дайындауға арналған арнайы оқу құралдарын әзірледі. Ұстаздың пікірінше, қазіргі заманның табысты мұғалімі тиімділік, тәртіптілік, жауапкершілік, табандылық, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын жоспарлау сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Мұғалімде төзімділік, ұстамдылық болуы керек, өйткені олар балалармен жұмыс істейді.
Анна Викторовна көптеген біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
-Мен әлі өтпеген курстар туралы білмеймін. Оқу мен дамуға өте қызығамын. Қазіргі мұғалім балаға сапалы білім беру үшін көп оқып, дамуы керек деп есептеймін. Жүйелі түрде кәсіби біліктілігіңді жетілдірілмей өсу мен даму мүмкін емес, - дейді ол.
Педагогика жоғары мектебінің аға оқытушысы Айгүл Утилованың айтуынша, Педагогикалық шеберлік орталығында оқытуда жетістікке жету стратегияларына арналған бірқатар іс-шаралар өтуде. Кездесулер барысында облыстың үздік ұстаздары студенттерге өздерінің кәсіби өсулері туралы айтып, жетістіктерінің сырларымен бөліседі.
-Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін біздің студенттер көп нәрсені зерттеп, ең жақсы ұстазадардың тәжірибесін үйренуі керек. Мұғалім қай пәнді оқытса да, біз үшін оның жеке философиясын, мәселені шешудегі тәсілін, табысының сырын түсіну маңызды, - дейді Айгүл Мұратқызы.
Кездесу соңында студенттер болашақ ұстаздардың біліктілігін арттыруға, білімдерін жүйелеуге және жұмыстың озық тәсілдерін түсінуге бағытталған квест ойынына қатысты.