Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ» КОМИТЕТ ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ

11.12.2025

Университеттің «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» Комитет тізіміне енгізілді

Университетіміздің «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» ғылыми журналы тиісті сараптамадан өтіп, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінде ресми түрде мақұлданды.
Осылайша журнал Комитет ұсынған ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіміне енгізілді.

Бұл шешім журналдың редакциялық саясатының жоғары деңгейін, ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келетінін және педагогикалық ғылымды дамытудағы маңызын растайды.

Айта кетсек, журнал алғаш рет 2004 жылы жарық көріп, жылдар бойы педагогикалық ғылым саласындағы өзекті зерттеулерді жариялап келеді. Мұндай жетістік журналдың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ғылыми дәстүрін, редакциялық саясатының жоғары деңгейін және оның педагогика ғылымын дамытудағы маңызды рөлін көрсетеді.

Редакциялық алқа авторларға, рецензенттерге және журналдың ғылыми мазмұнын қалыптастыруға атсалысып жүрген барлық мамандарға алғыс білдіреді және зерттеушілерді алдағы нөмірлерге материалдар жіберуге шақырады.