Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ КОНТРАГЕНТТЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ЖАҚЫНЫРАҚ ТАНЫСТЫ

16.04.2026

2026 жылдың 16 сәуірінде Марғұлан университетінің қабырғасында контрагенттердің, қызмет көрсетушілердің және үй-жайларды жалға алушылардың қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Шерхан Кокановпен кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында кездесуге қатысушыларға университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмысының ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ кері байланыс арналары жеткізілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жағдайлары туындаған, артық әкімшілік кедергілер туындаған, Қоғамның лауазымды тұлғалары тарапынан құжаттамалық әуре-сарсаңға түскен кездегі іс-қимыл алгоритмі белгіленді.

Кездесу қорытындысы бойынша контрагенттерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының қатаң сақталуы туралы ескертілді.

Бұдан басқа, контрагенттермен жасалған барлық шарттарға тараптардың бірінің қызметкерлерін қандай да бір жолмен ынталандыруға, оның ішінде ақшалай сомалар, сыйлықтар беру, олардың атына жұмыстарды немесе қызметтерді өтеусіз орындау жолымен ынталандыруға тыйым салатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескерту енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғаммен шарттық қатынастары бар лауазымды тұлғалар, қызметкерлер және өзге де тұлғалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың талаптарын сақтауға міндетті, оларды бұзушылықтар үшін негізгі қағидаттар, талаптар мен санкциялар туралы хабардар етеді.