Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ

05.09.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы аясында дәріс өтті. Онда Павлодар облысының жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Қасымов Мұратбек Жұмағалиұлы дәріс оқыды. Жиынғы Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев қатысып, Мұратбек Жұмағалиұлына алғысын білдірді.

- Әрбір жоғары оқу орны үшін академиялық адалдық пен парасаттылықты сақтау өте маңызды. Біздің Марғұлан университетінің ұжымы да бұл қағиданы қатаң ұстанады. Біздің университетте комплаенс-офицері жұмыс істейді. Кез келген мәселе бойынша соған жүгінуге болады, - деді университет басшысы.

Жоғары оқу орын студенттері үшін мұндай дәрістердің пайдасы зор. Яғни, білім алушы жастарды адалдыққа, парасаттылыққа шақырып, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға үндейді. Спикер Қасымов Мұратбек Жұмағалиұлы 1-курс студенттеріне сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласуға, кімнен көмек сұрауға болатаны туралы айтып, кеңес берді.