Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТІШІЛІК ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

16.01.2026

Спорт – бірлік пен жігердің, табандылық пен командалық рухтың айқын көрінісі. Осы қағиданы тағы бір мәрте дәлелдеген университетішілік дәстүрлі спартакиада жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.

Жарыс барысында білім алушылар мен қызметкерлер спорттың әр түрінен бақ сынап, салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсете білді. Қатысушылардың белсенділігі, жеңіске деген ұмтылысы мен жанкештілігі ерекше қуантты. 

Спартакиаданың жабылу салтанатында университетіміздің Басқарма мүшесі, даму және студенттермен жұмыс жөніндегі проректор Серік Қорғамысұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттады.

Спартакиада қорытындысы бойынша:

• І орын – М. Қанапиянов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

• ІІ орын – «Өнер және спорт жоғары мектебі»

• ІІІ орын – «Жаратылыстану жоғары мектебінің» командасы

Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге зор алғысымызды білдіреміз! Осындай ауқымды спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін.