Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ИГІ ДӘСТҮРІ

13.01.2026

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ИГІ ДӘСТҮРІ

Университетімізде қызметкерлер арасында спартакиада әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Спартакиаданың өткізілу мақсаты – ұжымарасында өзара ынтымақтастық, достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Марғұлан университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Ержан Әмірбекұлы: “Былтырғы жылы да спартакиада жоғары деңгейде өтіп, әсерінен ұзақ уақыт арыла алмадық. Биылғы жылы да игі дәстүрге айналған спартакиада өз деңгейінде өтетініне сенімім мол -деді өз сөзінде.

Университет ұжымы қатарынан 6 команда жасақталды.

1.Педагогика жоғары мектебінің командасы

2. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі

3. Жаратылыстану жоғары мектебі

4. Өнер және спорт жоғары мектебі

5. Мұсахан Канапьянов атындағы жоғары колледж

6. Университеттің әкімшілік құрамы

Спартакиаданың өткізілу тәртібі және ережелерімен таныстырған  Бас төреші Морозов Артем Алексанрович болды. 

Командаларға сәттілік серік болсын!