Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ 165 ЖЫЛДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ

12.08.2023

Бүгін Баянауыл ауданы Ескелді шатқалында қазақтың ұлы ойшылы, ақын Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойы өтті.
Шараға ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, облыс әкімі Асайын Байханов және басқа да елімізге белгілі ақын-жазушылар қатысты.
Ғұламаның мерейтойына Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы да арнайы барды. Оқу орын атынан үлкен киіз үй құрып, алыс-жақыннан келген қонақтарды қарсы алды. Марғұлан университетінің киіз үйіне Ұлытау облысынан келген делегация қонақ болып, Ертіс-Баян жұртының қонақжайлылығына алғыстарын білдірді.
 
Марғұлан университеті атынан Жұмабай Мұхаметалин сөз сөйлеп, Мәшекеңнің мерейтойына сонау Ұлытаудан ұзақ жол жүріп келген ағайынға ыстық ықыласы мен сыйластықтары үшін ризашылық білдірді.
 
- Қасиетті де киелі Баянауыл еліне қош келдіңіз. Алты Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіптің тойы өз деңгейінде өтіп жатыр. Міне, осы тойға сонау Ұлытау облысынан ат терлетіп келген меймандарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Қос өңірдің мәдени-рухани байланысы үзілмесін, - деді.
 
Екі күнге жалғасқан дүбірлі тойда республикалық жыршы-термешілер байқауы, республикалық ақындар айтысы, көкпар, ат бәйгесі, қазақ күресі және басқа да ұлттық ойындар ұйымдастырылды.