УНИВЕРСИТЕТ СТРАТЕГИЯСЫ: ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТ
19.10.2022
Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Жанбол Жилбаев 13-18 қазан аралығында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, жаратылыстану ғылымдар жоғары мектебі, педагогика жоғары мектебі, өнер және спорт жоғары мектебі білім беру бағдарламаларының оқытушыларымен кездесті. Кездесу барысында ғалымдардың гранттық қаржыландыру, "Жас ғалым", "ЖОО үздік оқытушысы" және 500 ғалымға арналған ғылыми тағылымдама конкурстарына қатысуы туралы мәселелер талқыланды.
Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Б.С.Есенгельдин "Университеттік ғылымды реформалау жүйесі туралы" баяндама жасады. Онда Павлодар педагогикалық университетінің ғылыми қызметін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын атап өтті.
Кездесулер соңында басқарма төрағасы–ректор Жанбол Жилбаев университет ұжымын Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізетін конкурстарға белсенді қатысуға шақырды. Ол зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуге, университет ғылымын сыртқы көздерден қаржыландыруды кеңейтуге, университеттің өңірлік дамудың басым бағыттарының "пайдалылығы" тұрғысынан шаруашылық келісімшарттық жобаларды орындауға баса назар аударды.