УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
05.04.2024
Марғұлан университеті биыл да «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдайды. Бұл бағдарлама бойынша тек ауыл мектептерінің түлектері ғана грант конкурсына қатыса алады. Қазіргі күні университет оқытушылары мен қызметкерлері Түркістан облысына барып, Сарыағаш, Отырар, Кентау аудандарының ауыл мектептерінде «Серпін» бағдарламасы бойынша кәсіби бағдар жұмысын жүргізуде.
Оңтүстік өңірдегі ауыл мектептерінің түлектерімен кездесуге педагогика жоғары мектебінің оқытушылары А.Е.Ахметова, А.А.Садуакасова және Жастар саясаты департаментінің директоры М.Ш.Құсманова, студенттік филармония жетекшісі А.А.Сүндет барды.
Әріптестеріміз Кентау қаласы Бостандық ауылы М.Қазыбеков атындағы орта мектепке, №15 «Төрткүл-төбе»жалпы білім беретін мектепке, Хантағы ауылындағы А.С.Пушкин атындағы және
Абай атындағы №5 орта мектепке, Байылдыр ауылы С.Қожанов атындағы №9 орта мектепке барды.
Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылы Ж.Жабаев атындағы, Қызылжан ауылы №72 орта мектепте, Мәңгілік ел атындағы мектепте, Жоңарық ауылы №74 орта мектептерде болды. Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясына, Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатына, Жамбыл атындағы мектеп лицейіне барып, оқушылармен кездесу өткізді.
Оқушылар да Марғұлан университеті жайлы қызықтырған сұрақтарын қойып, мол мағлұмат алды. Барша талапкерлерге сәттілік тіледі.