УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ ҮШІН IX ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРЫ
09.03.2023
Марғұлан университетінде Павлодар облысындағы мектептердің 11 сынып оқушылары арасында IX пәндік олимпиада аяқталды. Зияткерлік сайыс Павлодар-Ертіс өңірінің дарынды мектеп оқушыларын қолдау, олардың пән бойынша білімдерін көрсетіп, университеттің білім грантын алуға жағдай жасау мақсатында өткізіледі.
Кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Мұсанованың айтуынша, бұған дейін бұл олимпиада математика, физика, химия және биология пәндері бойынша өткізілген. 2021 жылы тізімге «География» пәні енгізілді. Сонымен қатар, олимпиаданы барлық негізгі пәндер бойынша өткізу туралы шешім қабылданды, яғни, гуманитарлық пәндер де қосылды.
Олимпиада онлайн режимде өтті. Тапсырмалар университет сайтында орналастырылды. Іріктеу кезеңіне қатысуға барлығы 718 студент тіркелсе, оның 16-сы дұрыс тіркелмегендіктен бағдарламадан «шығып» қалды, 452 оқушы екінші турға өтті.
Пәндер бойынша қорытынды келесідей:
Пән |
Қатысушылар саны |
2 турға өткендер саны |
Шығып қалғандар % |
Математика |
111 |
93 |
16% |
Физика |
56 |
37 |
34% |
Химия |
37 |
28 |
24% |
Биология |
118 |
43 |
64% |
География |
113 |
77 |
32% |
Қазақ тілі |
55 |
34 |
38% |
Ағылшын тілі |
65 |
58 |
11% |
Орыс тілі |
40 |
19 |
52% |
Тарих |
106 |
63 |
41% |
Айта кету керек, биыл қатысқан мектептердің тізімі де көбейген. Өткен жылдары әр ауданнан 2-3 ауыл мектебі қатысса, биыл олардың қатары артты.
Енді іріктеу турының жеңімпаздары 31 наурыз күні сағат 9.00-де Марғұлан университетінің қабырғасында өтетін 2-турды күтуде. Талапкерлер іріктеу турында мектеп бағдарламасындағы тапсырмаларды орындаса, 2-турда оларды пәнді терең білуді талап ететін күрделі деңгейдегі тапсырмалар күтіп тұр. 31 наурызда барша олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз!