УНИВЕРСИТЕТ АРДАГЕРІ МӘДИНА ЫБРАЕВАНЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
05.10.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы ардагер доцент Мәдина Шарифқызы Ибраеваны 80 жас мерейтойымен құттықтайды!
Бүгін жоғары оқу орнының деканы Анар Кәрімова университет ардагеріне Марғұлан университетінің ректоры Жанбол Жилбаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі.
Өзінің құттықтау сөзінде ректор Мәдина Ибраеваға университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді. «Университетте еңбек еткен жылдарыңызда көптеген шәкірт тәрбиелеп, олардың бойына жақсы білім ғана емес, ең жақсы адами қасиеттерді сіңірдіңіз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жаныңызға тыныштық, татулық пен жақсылық тілеймін», - делінген құттықтауда.
Белгілі ұстазды оқу орнының кәсіподақ комитеті мен ардагерлер кеңесі атынан Роза Жаева құттықтады.
Ибраева Мадина Шарифқызы 1943 жылы 1 қазанда Алтай өлкесінің Славгород қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жұмыс істеді. 1973 жылдан бастап Павлодар облыстық партия комитетінің Марксизм-ленинизм университетінің ректоры, одан кейін Өнеркәсіптік аудандық партия комитетінің ішкі және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1998 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін жоғары білім беру жүйесінде 18 жыл жұмыс істеді: ПАУ Мәдениет академиясының директоры, С.Торайғыров атындағы ПМУ құқық кафедрасының аға оқытушысы. 2004-2015 жылдар аралығында ПМПИ философия, экономика және құқық кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Ғылыми қызметпен айналысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, университет ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Әр жылдардағы жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі және белсенді қоғамдық-ағартушылық қызметі үшін облыс және қала, облыс ардагерлер кеңесінің Құрмет грамоталарымен, ПМПИ-дің мерейтойлық медальдарымен және ректордың құрмет грамоталарымен марапатталған. Көп жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.